Қазақстандағы алғашқы ЮНИСЕФ гала-кеші: әлемдік дәстүр Астанаға жол тартты

Қазақстандағы алғашқы ЮНИСЕФ гала-кеші: әлемдік дәстүр Астанаға жол тартты

The St. Regis Astana қонақүйінде 29 қарашада болатын Қазақстан елордасында өтетін алғашқы ЮНИСЕФ гала-кешінің таныстырылымы өтті. Осы оқиға Қазақстанда балалардың құқықтарын қолдауға және инклюзивті қоғам құруға бағытталған әлемдік деңгейдегі қайырымдылық ісшаралар бастау алатынының айғағы.

Таныстырылым барысында Нью-Йорк, Лондон, Париж, Токио және басқа да ірі қалаларда өтетін ЮНИСЕФ гала-кешкі астарының әлемдік дәстүріне Қазақстан да қосылатыны жарияланды. A Sky Full of Stars деген атауға ие болған гала-кеші ЮНИСЕФ-тің білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдау бағдарламасына қаражат жинауға бағытталған. Аукционнан және билет сатудан жиналған қаражат 2 мыңнан астам баланы қажетті құрал-жабдықпен және цифрлық дағдыларды меңгеруге арналған мамандандырылғанбағдарламалармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Соңғы мәліметтер бойынша Қазақстанда 137 мыңнан астам (2023) баланыңденсаулық мүмкіндіктері шектеулі, ал 188 мыңнан астамы (2022) білім алу үшін ерекше жағдай жасалуына мұқтаж. Осы балалардың 65% кәдімгі мектептерде оқиды. ЮНИСЕФ гала-кешкі асында сапалы білімге қолжетімділікті кеңейту мәселесіне басымдық беріледі. Жиналған қаражаттың көмегімен және бизнесқоғамдастықтың қолдауымен ұйым балаларға арналған инклюзивті білім беру кеңістігін құруға септесуді көздеп отыр.

Гала-кешкі ас аясында қаражаттың бір бөлігі бағалы лоттар ұсынылатын қайырымдылық аукционында жиналады. Солардың бірі танымал қазақстандық бизнесмен және меценат Нұрлан Смағұлов ұсынған бірегей лот. Өнер туындыларымен қатар лоттар тізімінде спорттық атрибутика, соның ішінде Astana Qazaqstan Team сапында өнер көрсететін атақты британдық велошабандоз Марк Кавендиштің қолтаңбасы қойылған футболка да бар. Бұл лот коллекция жинаушылар мен спорт жанкүйерлері үшін ерекше құнды болады.

 

Қазақстандағы ЮНИСЕФ өкілі доктор Рашед Мустафа Сарвар былай деп атап өтті:

«Қазақстанда ЮНИСЕФ гала-кештерінің Бала құқықтары туралы конвенцияның ратификациялануына 30 жыл толғанда басталуы біздің әрбір баланың құқықтарын қорғауға бекінгенімізді көрсетеді. Бұл шара білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балалардың инклюзивті білім алу құқықтарын жүзеге асыра алуы үшін күш жұмылдырудың маңызды алаңы болып табылады».

 

Іс-шараның көптеген қатысушылары тегін қолдау көрсетіп жатқанына ерекше назар аудара кеткен жөн. Кешті белгілі стендап-комик Нұрлан Сабуров жүргізеді, ал ЮНИСЕФ-тің Ізгі ниет елшілері NINETY ONE тобы өз өнерімен қуантатын болады. Сондай-ақ кешке атақты қазақстандық шахматшы, Қазақстандағы ЮНИСЕФ Ізгі ниет елшісі Динара Сәдуақасова қатысады.

 

«Біз үшін ЮНИСЕФ миссиясын қолдап, осындай маңызды іс-шараға қатысу ерекше мақтаныш. Біз әрбір бала ешбір ерекшеліктеріне қарамастан даму үшін және жетістікке жету үшін тең мүмкіндіктерге ие болуға лайық деп санаймыз», дейді NINETY ONE тобы.

 

Қазақстандағы алғашқы ЮНИСЕФ гала-кеші The St. Regis Astana қонақүйінде өтеді. Гала-кешке билеттерді Ticketon сайтынан сатып алуға болады. Осы шара ерекше қамқорлыққа мұқтаж балаларға қатысты инклюзия және қолдау мәселелеріне жұртшылық назар аударады деп күтіледі.