
Кешегі қара нардың жүгін көтерген ерлер бүгін не көтеріп жүр…
«Мен болашақ ұрпақтың асықпауы үшін асығамын. Понятно тебе?»,- Бауыржан Момышұлының осы сөздерімен ақ тарихтағы қазақ халқының ер азаматтарын сипаттауға болады. Бұл үзінді Әзілхан Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» кітабынан. Әзілхан Н. Бауыржан атамыңыздың көлеңкесіндей Ұлы Отан соғысының батыры ғана емес, жазушы, көркемсөзші, аудармашы. Осы азаматтардай талай, талай халқына еңбегі сіңген батыр ағаларымыз бен аталарымыздың жүгі қандай ауыр болған. Біздер сол кісілерге қарап ер азаматтың маңыздылығымен қатар міндеттерін, түр сипатын, ер жігерлігін, ой парасаттылығын, адалдық пен әділеттіктің не екенін, қалай екенін білгейміз. Сол Махамбет пен Исатайдай ел жайын ойлаған, Керей мен Жәнібектей халқының бірлігін ойлаған ер азаматтардың екі иығына артқан жүгінің салмағы қандай?
Қазіргі заман мен қоғам ауысу уақытында, сол ер азаматтардың жүгі дәл сондай салмақ па екен? Әрине адам мен қоғам ауысып жатса неге салмақ өзгермеске. Бірақ, ерлік пен жігерлік, намыс пен ар ұят, адалдық пен әділдік ер азаматтардың бойынан жоғалмас. Бауыржан атамыз қан мен тер төгіп алып берген болашақ, ол біздер.
Егер осыдан 100 жыл бұрын Ерлердің мінсіз сипаты: ат үстінде, қару жарағы түгел, үйір, үйір малы бар, жұртқа қара күшімен немесе ақылымен, сөз шеберлігімен аты шыққан, жаудан халқын құтқарып алған болса, бүгінде ер азаматтардың мінсіз сипаты бұдан қатты алысқа бұрылған емес, тек нысанға жету жолдары өзгерген. Бүгінгі күндегі ер азаматының мінсіз сипаттарының бірі: білімі жоғары, мәдениетті және білімнің, технологияның дамуына үлес қосып жүрген азаматтар.
Осы жерде үш үлкен салаларды қарастырайық:
1. IT-саласы – бүгінгі қаһармандар.
IT-саласындағы еркектер олар алып IT-бағдарламалардың құрылуы мен өсіп өнуіне керемет атсалысуда. Ал өз кезегінде бұл еңбектері еліміздің дамуымен, гүлденуіне жол тартады. Мысалға:
Қуанышбек Есекеев
«Қазақтелеком» Е-Kassa қосымшасын жасап шығарған болатын. Бұл кассалық машиналарды алмастыратын және қолма-қол ақшаны есепке алуға, кассалық операцияларды тіркеуге және бақылауға көмектесетін ақысыз, яғни тегін бағдарлама. «Қазақтелеком» және «Ақылды қалалар» компаниясы Қазақстанда бұлтты технологияларды дамытуда, сондай-ақ cloud-шешімдер мен өнімдер желісін кеңейтуде ынтымақтастық туралы шарт жасасты. Алғашқы бірнеше бірлескен бұлтты сервистерді » Қазақтелеком » ismet.kz. атты бизнеске арналған өз порталында жарияланған.
Бағдат Мусин
Министрлік жұмысының қорытындысы бойынша автомобильдерді тіркеудің 55%-ы және ипотекалық несиелердің 67%-ы онлайн режимінде жүзеге асырылады. «Электрондық үкімет» (e-Gov) әрбір азаматты туған күнімен құттықтауды және құжаттардың мерзімі біткенін алдын ала хабарлауды үйренді. Сондай-ақ, министрлік бүкіл ел бойынша 251 ауылда интернетті қосып, 1463 ауылда интернет сапасын жақсартты.
Қайрат Ахметов, Әсет Ахметов
Қазақстанның мақтаныш кәсіпкерлері. Аға бауыр Ахметовтар 2017 жылы «Сергек» қоғамдық және жол қауіпсіздігі жүйесін іске қосты. Содан бері ағайындылардың жобасы тарады. Sergek қазірдің өзінде Ақтау, Тараз, Семей, Түркістан және Түркістан облыстарында, Шымкент, Атырау, Алматы, Қызылорда, Талдықорған, Құлсары және Жетісу облыстарында жұмыс істейді, Алматы облысында ірі жобаны іске асырып, халықаралық нарыққа шығуда. Қайрат Ахметовтің айтуынша, Астанада Sergek өзінің тиімділігін дәлелдеді: жол-көлік оқиғасыдағы өлім-жітім 48% — ға, қылмыс 67% — ға төмендеген. Бұл керемет нәтиже.
2. Медицина ғылымы мен онкология – өмір үшін шайқас.
Ядролық медицинадағы, радиофармацевтикалық препараттардағы және қатерлі ісік диагностикасындағы заманауи жетістіктер ер адамдар интеллектуалды және әлеуметтік ауыртпалықты көтеретін маңызды сала болып табылады. Инновациялық емдеу және алдын алу әдістерімен жұмыс істейтін заманауи ғалымдар мен дәрігерлердің үлесі.
Қазақстанның онкологиялық қызметінің негізін қалаушы — елімізде онкологияны дамытқан ондаған ғалымдар мен дәрігерлерді дайындаған қуатты ғылыми-медициналық орталық құрған Сәкен Нұғманұлы Нұғманов.
Ернар Мұратбайұлы Тирикулов
16 жылдан астам адал еңбек етіп келе жатқан онколог, Қостанай қалалық онкологиялық ауруханасында хирургия бөлімінің меңгерушісі. Ол хирургия мен онкологияның заманауи әдістерін белсенді қолданады.Қазақстанда да, шетелде де үнемі біліктілігін арттыруда. Сол себепті әріптестері мен пациенттері арасында жоғары беделге ие болды.
Александр Шустов
Қазақстанда онкогематологиялық ауруларды, атап айтқанда қан қатерлі ісігін (лейкоз, лейкемия, аққандық) емдеудің серпінді әдісі болып табылатын инновациялық CAR-T терапиясын енгізу бойынша зерттеулердің ғылыми жетекшісі. Оның басшылығымен Ұлттық биотехнология орталығында гендік-модификацияланған жасушалар технологиясы игерілді, бұл Қазақстанды осы саладағы әлемдік із ашарлардың қатарына қосады.
3. Техникалық ғылым – Әбу Насыр Әл-Фараби ғалым ізін жалғастырғандар
Саян Комбаров
Экономист және «Эковатт» ЖШС қаржы директоры, Қазақстандағы жаңартылатын (қайта өңделген) энергия көздері (ЖЭК) бойынша сарапшы. Ол ЖЭК саласын дамытуға белсенді қатысуда, елге 2050 жылға қарай жаңартылатын немесе қайта өңделген көздерден, энергияның 50% алуға көшу мақсатына қарай еңбек атқаруда. Оның аналитикалық және басқарушылық жұмысы Қазақстанда күн, жел және гидроэнергетиканың дамуына ықпал етеді.
Ержан Елекеев
«KAZAKH INVEST Ұлттық Комитет» АҚ Басқарма төрағасы, ол Қазақстанда жоғары технологиялық пилотсыз дрондардың жергілікті өндірісін қолдайды. Оның басшылығымен «Yesil Technology Company» компаниясы дрондардың өнеркәсіптік өндірісін мақсатқа қоя тұра, негізгі технологиялық міндеттерді, соның ішінде ұшу қашықтығы мен навигация дәлдігін арттыруды шеше отырып, онымен қоймай осы салада білікті мамандар, кадрлар даярлауды дамыту үстінде.
Қуандық Ақшолақов
Әскери ғылыми-зерттеу орталығының бастығы, «Шағала» қазақстандық пилотсыз авиациялық барлау кешенін әзірлеу жетекшісі. Оның басшылығымен төмен температураға төзімді бірегей аккумуляторы және криптографиялық байланыс арналары бар ұшқышсыз ұшу аппараттары жасалды. Бұл аппарат далалық сынақтардан сәтті өтті және Қазақстан Қарулы Күштері үшін сериялық өндіріске дайындалуда.
Сонымен, күші қару-жарақ пен қарудың ауырлығымен өлшенген батырдың бейнесінен өтіп, қазіргі Қазақстанда батылдық ұғымының қалай өзгергенін көреміз. Енді оның беріктігі мен маңыздылығын дәлелдеу үшін тонна металл киюдің қажеті жоқ. Бүгінгі кейіпкерлер – бұл инновациялар, ғылыми жаңалықтар және технологиялық прогресс үшін жауапкершілік жүктемесін көтеріп, елді жаңа деңгейге көтеретіндер.
Болашаққа цифрлық көпірлер салатын IT-алыптардың зияткерлік салмағын өлшеу қиын, бірақ оның әсерін әрбір қазақстандық сезінеді. Жасушалық деңгейдеқатерлі ісікпен күресетін ғалымдар мен ядроның құпияларын ашатын физиктер шынайы күш әлемді жақсы жаққа өзгерту үшін білім мен ұмтылыста екеніндәлелдейді.
ХХІ ғасырдың ер азаматтылығы – бұл тек қара күш қана емес, сонымен бірге үлкен ой толғауға, жаңасын құруға және ұрпақтың болашағы үшін жауапкершілікті өз мойнына алуға батылдық. Бұл жаңа дәуірдің рәміздері, мұнда интеллект, ғылым мен технология Қазақстанның өркендеуі үшін күресте басты қаруға айналады.
Авторы: Аида Мухаметжанова